Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы ЭКСПО мұрасы: көрме аумағында 2 жылдан кейін не болып жатыр
2019-08-13

Көрмені ұйымдастырушылардың басты шарты – ЭКСПО нысандарын көрмеден кейін пайдалана алды ма деген деген сұраққа Sputnik Қазақстан жауап іздеді.

Қазақстандағы ең ауқымды іс-шаралардың бірі – EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аяқталғаннан кейін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының алдында павильондарды көрмеден кейін пайдалану деген маңызды мәселе тұрды. Көрме инфрақұрылымының қалай дамығаны туралы Sputnik Қазақстан-ға компанияның Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев айтып берді.

Халықаралық көрмелер бюросының қамқорлығымен арнайы көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтті. Шараның басты тақырыбы «Болашақ энергиясы» болды. ЭКСПО-2017 көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

Көрме-үш ай болды, содан кейінгі жағдайы қалай болды

Көрме тұжырымдамасын талқылау кезінде бірден ЭКСПО аумағында бірегей экожүйе құрылатын және мемлекет үшін маңызды жаңа ұйымдар қалыптастырылатын жаңа іскерлік орталыққа айналатыны туралы шешім қабылданды.

«Көрмені өткізу үшін тұрғызылған павильондар әу бастан көрмеден кейінгі кезеңде қайта құру олардан кеңселік орын-жайларды жасауға мүмкіндік беретіндей етіп жобаланған болатын», - деп хабарлады Дәулет Еркімбаев Sputnik Қазақстанға.

IT, қаржы, жасыл технологиялар

Директордың айтуынша, кешеннің негізгі резиденті «Астана» халықаралық қаржы орталығы болып табылады, ол жыл басынан бастап көрме аумағында толық жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, ЭКСПО аумағында кәсіпкерлік саласында үлкен танымалдыққа ие А класты коммерциялық бизнес-орталығы жалға беріледі. Бизнес-орталық барлық халықаралық талаптарды ескере отырып салынды, деп атап өтті Еркімбаев.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматыда орналасқан Халықаралық IT-университетімен бірлескен бағдарлама – IT-университеті ашылады.

«Қыркүйек айынан бастап олар іске қосылады, қазір Қабылдау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Ол халықаралық қаржы орталығында орналасқан, онда олар студенттерді қабылдауда. Қыркүйек айынан бастап бірінші легі күтілуде. Шамамен мың студент», - деді Еркімбаев.

IT-университеттің қарсысында Халықаралық жасыл технологиялар орталығы орналасқан, деді Коммерциялау департаментінің директоры.

«Бұл ЭКСПО-ның аяқталған көрмесінің ізімен Қазақстан Республикасында жасыл технологияларды енгізуге бағытталған орталық. Ол, негізінен, қазір осымен табысты айналысып келеді, өңірлерде озық технологияларды енгізу бойынша өз бағдарламаларын жүргізуде», - деп атап өтті ол.

ЭКСПО мұрасы нысандарының бірі – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында құрылған Astana Hub IT-технологиялар халықаралық орталығы. Дәл осы орталықта қызықты және бірегей IT-стартаптар пайда болады, олар кейіннен оны іске асыруға өз үлесін қосады.

ЭКСПО-2017 символы

Өткен екі жылдың ішінде ЭКСПО-ның «визит карточкасына» айналған – «Нұр Әлем» Сферасы жұмысын тоқтатқан жоқ. Оған қазақстандық ұлттық компаниялар павильондарынан және «Болашақ энергиясы» секторынан ғылыми инсталляциялардың бір бөлігі көшіріліп, оны туристік, ойын-сауықтық және ғылыми-білім беру орталығына айналдырды.

«Сфера елордада ең маңызды туристік нысандардың бірі болып табылады. Ол халықаралық мамандандырылған көрмеден тыс жұмыс істей бастаған сәттен бастап оған 400 мыңнан астам адам келді. Біз оның танымалдыққа ие екенін байқап отырмыз. Сондай–ақ, келушілердің 10 пайызы – шетелдік туристер, бұл нысанға деген қызығушылықтың жақсы көрсеткіші», – деп атап өтті Еркімбаев.

Барлығы іс-шаралар мен көрмелер үшін

«Толық жұмысқа» ЭКСПО инфрақұрылымы нысандарының қатарына кіретін Конгресс-орталығы шыға бастады – соңғы жылы онда 180 түрлі іс-шара өтті, оның ішінде ең ауқымдылары Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік тау-кен конгрессі болды.

«Сонымен қатар жыл соңына дейін көрме орталығын іске қосамыз. Ол Орта Азиядағы ең ірі көрме орталығына айналады. Ол сондай-ақ өзінің техникалық жабдықталуымен бірегей болады», - деді Коммерциялау департаментінің директоры.

ЭКСПО көрме аумағы ірі іскерлік, мәдени және әлеуметтік іс-шаралардың арқасында қызыққа толы.

https://ru.sputniknews.kz/capital_life/20190813/11245985/nasledie-expo-2017-spustya-2-goda.html

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017