Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO жазғы сахнасында өткен концертке 8000-ға жуық адам келді
2019-08-05

3 тамыз, сенбі күні EXPO жазғы сахнасында «Жастар жылы» аясында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтті. Open-air шоуы EXPO іскерлік орталығындағы бірқатар ойын-сауық іс-шаралардың серпінді жалғасы болуда.

Сахнадан соңғы кезде теледидар мен радиодан әндері жиі шырқалатын мега-танымал-әнші Қайрат Нұртас, жас әнші Ержан Максим және Q-pop жанрының өкілі Mad Men тобы өнер көрсетті. Бұл танымал әншілер тек теледидар алдында ғана емес, сондай-ақ концерттеріне де көптеген жанкүйерлерін жинай алды. 8 мыңға жуық көрермен сүйікті әншілерінің жанды дауыста шырқаған әндерін тындауға келді.

Концерт елорда тұрғындары мен қонақтары үшін керемет сыйлық болды.Үш сағат бойы өнерпаздар өз жанкүйерлерін танымал хиттерімен, жаңа әндерімен және әсерлі билерімен қуантты.

Айта кету керек, EXPO-дағы жазғы концерттер әр сенбі сайын 24 тамызға дейін өтеді. Алдағы уақытта сахнада Ерке Есмахан, Нұржан Керменбаев, M’Dee, Say Mo, Dequine және басқалар өнер көрсетеді.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017